Құрметті
ағайын-туыс, бауырлар, нағашы-жиен, бөлелер, құда-жекжат,
дос-жарандар, әріптестер
мен көршілер!
Балаларымыз Алихан мен Алтынайдың өміріндегі ең маңызды әрі жарқын күндердің бірі — олардың үйлену тойына сіздерді зор қуанышпен және шын жүректен шақырамыз.
Бұл қуанышты сәтті сіздермен бірге бөлісіп, мерекеміздің қадірлі қонағы болғандарыңыз біз үшін үлкен мәртебе.
Құрметпен және ізгі тілекпен,
күйеу жігіттің ата-анасы